"Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Мыңбаев ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып және 2018 жылғы 26 қырқүйектегі Алматы облысының ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Жамбыл ауданы Мыңбаев ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мыңбаев ауылдық округінің батысында орналасқан жаңа көшелеріне келесі атаулар берілсін: Достық, Астана, Бәйтерек, Ханшатыр, Көкжиек, Желтоқсан, Үштөбе, Жастар, Ақжайық.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Мыңбаев ауылдық округінің әкімі | Д. Баяманов |