Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Байғанин аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2018 жылғы 6 маусымдағы № 121 ұсынысы негізінде, Қарауылкелді ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарауылкелді ауылдық округінің Көкбұлақ ауылы аумағында ірі қара малдар арасынан бруцеллез ауруына қарсы барлық сауықтыру шараларының жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.
2. Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 16 наурыздағы № 68 "Шектеу іс шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-4-163 болып тіркелген, 2018 жылдың 5 сәуір "Жем-Сағыз"газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Қарауылкелді ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Байғанин аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қарауылкелді ауылдық округінің әкімі |
С. Жұбан |