Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Сартоғай ауылдық округі әкімінің 19.11.2019 № 9 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Байғанин аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2018 жылғы 13 наурыздағы № 49 ұсынысы негізінде, Сартоғай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сартоғай ауылдық округінің Алтай батыр ауылы аумағында ірі қара малдар арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Сартоғай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Байғанин аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді мерзімді баспа басылымында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Сартоғай ауылдық округінің әкімі | А. Махан |