Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 25.07.2022 № 162/29-7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына, "Ақмола облысы Целиноград ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысынын өзгерту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № А-12/567 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 6С-17-6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6274 болып тіркелген) сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Целиноград аудандық мәслихатының "Целиноград ауданы елді мекендерінің жерлеріне жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" 2016 жылғы 23 қарашадағы № 70/8-6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5656 болып тіркелген, 2017 жылғы 6 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1) кіріспеде келесі редакцияда баяндалсын:
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 510-бабының 1-тармағына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
2) қосымшада, кестенің 3-бағанында:
жетінші жолда (аймақ нөмірі III) "Мәншүк ауылдық округі" алынып тасталсын, жиырма үшінші жолды (аймақ нөмірі IV) "01-011-093 Разъезд № 93 (Тасты ауылдық округі)" алынып тасталсын;
3) тақырыпта және қазақ тіліндегі барлық мәтін бойынша: "жоғарылату", "жоғарылатылсын", "жоғарылатылған" сөздері "арттыру", "арттырылсын", "арттырылған" сөздерімен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Целиноград аудандық мәслихаты сессиясының төрайымы |
С.Абеева |
|
Целиноград аудандық мәслихатының хатшысы |
Б.Жанбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
|
Целиноград ауданының әкімі |
М.Тәткеев |
30.01.2018
|
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Целиноград ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы |
А.Жантеміров |
30.01.2018