РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 3, 8 және 11-баптарына сәйкес, "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының кейбір елді мекендерін тарату және есепті деректерден шығару жөнінде ұсыныстар енгізу туралы" Семей қалалық мәслихатының 2014 жылғы 6 қарашадағы № 34/179-V шешімінің және Семей қалалық әкімдігінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 1782 қаулысының, "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Таңат ауылдық округін тарату және есепті деректерден шығару жөнінде ұсыныстар енгізу туралы" Семей қалалық мәслихатының 2014 жылғы 6 қарашадағы № 34/180-V шешімінің және Семей қалалық әкімдігінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 1783 қаулысының, "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Жазық ауылдық округін тарату және есепті деректерден шығару жөнінде ұсыныстар енгізу туралы" Семей қалалық мәслихатының 2016 жылғы 29 қарашадағы № 8/58-VІ шешімінің және Семей қалалық әкімдігінің 2016 жылғы 29 қарашадағы № 1811 қаулысының негізінде, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгерістер енгізілсін:
1) Семей қаласы бойынша мынадай елді мекендер таратылсын және есепті деректерден шығарылсын: Алғабас ауылдық округінің Киікқашқан және Қызылжал ауылдары, Знаменка ауылдық округінің Сынтас және Көкен ауылдары, Новобаженово ауылдық округінің Талдықорған ауылы;
2) таратылатын ауылдардың аумақтары:
Алғабас ауылдық округінің Киікқашқан және Қызылжал ауылдары шекаралары өзгертіле отырып, Алғабас ауылдық округінің Алғабас ауылының құрамына;
Знаменка ауылдық округінің Сынтас ауылы шекаралары өзгертіле отырып, Знаменка ауылдық округінің Қыземшек ауылының құрамына;
Знаменка ауылдық округінің Көкен ауылы шекаралары өзгертіле отырып, Знаменка ауылдық округінің Знаменка ауылының құрамына;
Новобаженово ауылдық округінің Талдықорған ауылы шекаралары өзгертіле отырып, Новобаженово ауылдық округінің Бұлақ ауылының құрамына енгізілсін;
3) мынадай ауылдық округтер таратылсын және есепті деректерден шығарылсын: Таңат ауылдық округі және Жазық ауылдық округі;
4) таратылатын ауылдық округтердің аумақтары:
Таңат ауылдық округі шекаралары өзгертіле отырып, Ақбұлақ ауылдық округінің құрамына;
Жазық ауылдық округі шекаралары өзгертіле отырып, Знаменка ауылдық округінің құрамына енгізілсін.
2. Осы шешім және қаулы олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сессия төрағасы | Облыс әкімі |
| Ә. Мұхтарханов | Д. Ахметов |
| Облыстық мәслихаттың | |
| хатшысы В. Головатюк |