"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 8 тармағына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қажымұхан ауыл округі әкімінің 2016 жылғы 13 қыркүйектегі "Қажымұхан ауыл округі, Темірлан елді мекенінің М.Әуезов, М.Мақатаев, Ж.Сүйіндікұлы көшелерінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 86 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3854 нөмірімен тіркелген, Ордабасы аудандық "Ордабасы оттары" газетінің 2016 жылғы 8 қазанда жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
| Қажымұхан ауыл округі | |
| әкімінің міндетін атқарушы | Т.Наурызбаев |