Ескерту. Күшi жойылды - Шымкент қаласы мәслихатының 12.08.2022 № 20/179-VII шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына және "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10030 тіркелген) сәйкес, Шымкент қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шымкент қаласында коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қалалық мәслихат | |
| сессиясының төрағасы | Е.Дәрменов |
| Қалалық мәслихат | |
| хатшысы | Н.Бекназаров |
| Шымкент қалалық мәслихатының 2017 жылғы "28" маусымдағы № 17/155-6с шешіміне қосымша |
Шымкент қаласында коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | Жылдық жинақталу нормасы, м3 |
1 |
Жайлы және | 1 тұрғын |
1,7 |
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 1,2 |
3 | Қонақүйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 1,2 |
4 | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын | 0,24 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 1,4 |
6 | Емханалар | 1 адам | 0,02 |
7 | Ауруханалар, санаторийлер, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек орын | 1,0 |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,06 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 орын | 1,5 |
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар | 1 орын | 0,26 |
11 | Мұражайлар, көрмелер | Жалпы алаңы 1 м2 | -- |
12 | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 1,2 |
13 | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы 1 м2 | 1,2 |
14 | Азық-түлік дүкендері | Сауда алаңы 1 м2 | 1,2 |
15 | Машиналардан сату | Сауда алаңы 1 м2 | 1,4 |
16 | Өнер кәсіптік дүкендер, супермаркеттер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,8 |
17 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,55 |
18 | Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,02 |
19 | Өнер кәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,02 |
20 | Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету | Жалпы алаңы 1 м2 | -- |
21 | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,59 |
22 | Жағажайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | -- |
23 | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,38 |
24 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар | 1 машина-орын | 1,4 |
25 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 0,85 |
26 | Гараж кооперативтері | 1 гаражға | -- |
27 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмысорны | 2,2 |
28 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,56 |
29 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,75 |
30 | Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау) | 1 жұмыс орны | 0,55 |
31 | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1 м2 | 1,15 |
32 | Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар | 1000 қатысушы | -- |
33 | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | -- |