"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 108 "Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық қаулыларына өзгерiстер енгізу және олардың күші жойылды деп тану туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2317 болып тіркелген, 2013 жылғы 28 мамырда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
"Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық қаулыларына енгізілетін өзгерістер" деген 1-қосымшаның 3-тармағының күші жойылды деп танылсын.
2. "Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуін;
2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.С.Жамаловқа жүктелсін.
| Облыс әкімі | Ж.Түймебаев |
| Д.А.Сатыбалды | |
| Ә.Е.Тұрғымбеков | |
| Ж.Қ.Бөкенбаев | |
| Б.С.Жамалов | |
| Е.Ә.Садыр | |
| Ұ.Сәдібеков | |
| А.С.Сәбитов |