"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Занының 10-1 бабының 8) тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық санитарлық инспекторының міндетін атқарушы 2017 жылғы 9 маусымдағы № 16-11/113 ұсынысы негізінде, Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының Ақбұлақ ауылдық округі Карашілік ауылының аумағында ірі қара мал табына бруцеллез шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 17 "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданның Ақбұлақ ауылдық округі Карашілік ауылының аумағында ірі қара мал табына бруцеллез шектеу шараларын белгілеу туралы" Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің шешімінің (2017 жылғы 4 қаңтардағы № 3992 нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу реестрінде тіркелген, 2016 жылғы 14 қарашада № 44 "Кішкенекөл таңы" және "Кызылту" аудандық газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа еңгізіледі.
| Солтүстік Қазақстан облысы | |
| Уәлиханов ауданның | |
| Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі | М.С.Дүйсенов |