Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Шарбақты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шарбақты ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 қазандағы "Шарбақты ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 319/10 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4810 болып тіркелген, 2015 жылғы 4 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 10 желтоқсанда аудандық № 49 "Маралды" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысының міндетін атқарушыға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Б. Ыбыраев |