Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес және Май ауданының мемлекеттік бас ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 3 ұсыныcы негізінде, Май ауданы Май селолық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Май ауданы Май селолық округі аумағында ірі-қара мал бруцеллезі ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлық іс-шараларды жүргізумен байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Май селолық округі әкімінің 2015 жылғы 14 тамыздағы "Май ауданының Май селолық округінде шектеу шараларын енгізумен байланысты ветеринарлық режимді белгілеу туралы" № 1 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 10 қыркүйекте № 4700 тіркелген, аудандық "Шамшырақ" газетінде 2015 жылғы 8 тамызда № 32 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Селолық округ әкімі | Қ. Оразаев |
| КЕЛІСІЛДІ: | |
| "Қазақстан Республикасы | |
| Ауыл шаруашылық | |
| министрлігінің ветеринарлық | |
| бақылау және | |
| қадағалау Комитетінің | |
| Май аудандық | |
| аумақтық инспекциясы" мемлекеттік | |
| мекемесінің басшысы | Н.З. Жұмабаев |
| 2017 жылғы "15" наурыз | |
| "Май ауданының | |
| ветеринария бөлімі" мемлекеттік | |
| мекемесінің басшысы | Е.А. Ахметов |
| 2017 жылғы "15" наурыз |