Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Ивановка ауылдық округі Ивановка ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2016 жылғы 21 қарашадағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Ивановка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Качир ауданы Ивановка ауылдық округі Ивановка ауылының келесі көшелері:
"Ленин" көшесі "Тәуелсіздік" көшесі болып;
"Школьная" көшесі "Достық" көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ивановка ауылдық округінің әкімі | А. Мангутов |