Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 14.11.2017 № 353/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі "Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңының 45-бабы 2-тармағына сәйкес, Павлодар облысы спортшыларының әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі "Павлодар облысының спортшыларына ай сайын ақшалай үлес төлеу туралы" № 125/4 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4497 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 маусымда "Регион.kz" газетінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасында:
"Олимпиада ойындары (жазғы, қысқы)" деген жолдағы "Олимпиада ойындарына қатысуға лицензия" деген сөздер "Олимпиада ойындарына қатысу" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық ойындар (жазғы, қысқы)" деген жол келесі редакцияда жазылсын:
"
Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық ойындар (жазғы, қысқы) | 1-орын | 150 АЕК |
2-орын | 120 АЕК | |
3-орын | 100 АЕК | |
4-6-орындар | 80 АЕК | |
Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық ойындарына қатысу | 70 АЕК |
";
"Тірек-қимыл аппаратының, есту, көру мүшелерінің зақымдануымен мүгедек спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасының Паралимпиялық ойындары, Қазақстан Республикасының чемпионаты" деген жол келесі редакцияда жазылсын:
"
Тірек-қимыл аппаратының, есту, көру мүшелерінің зақымдануымен мүгедек спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасының Паралимпиялық ойындары, Қазақстан Республикасының чемпионаты | 1-орын | 40 АЕК |
2-орын | 20 АЕК | |
3-орын | 15 АЕК |
".
2. "Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулының ресми жариялануға жіберілуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.М. Бегентаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | Б. Бақауов |