"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, 50-бабының 2-тармағына сәйкес Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2014 жылғы 13 наурыздағы № 180 "Ұзынкөл аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4595 тіркелген, 2014 жылғы 15 мамырда "Нұрлы жол" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Кезекті сессия төрайымы | В. Лазарева |
| Аудандық мәслихаттың хатшысы | А. Бараншина |