Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы мәслихатының 02.03.2018 № 245 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабының 5-тармағына және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 1-тармағының 121) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облыстық мәслихатының 2009 жылғы 20 қарашадағы № 233 "Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3697 тіркелген, 2009 жылғы 23 желтоқсанда "Қостанай таңы" және "Костанайские новости" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" (әрі қарай - Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 495-бабымен белгіленген қоршаған орта эмиссиясы үшін төлем мөлшерлемелері Қостанай облысы бойынша Салық кодексінің 495-бабы 3-тармағымен белгіленген және 6-тармағындағы кестесінің тәртіптік нөмірі 1.3.3-жолымен белгіленген мөлшерлемелерді және күл мен күлшлактарды орналастыру үшін мөлшерлемелерді қоспағанда, бір жарым есеге көтерілсін.
Салық кодексі 495-бабының 6-тармағындағы кестесінің тәртіптік нөмірі 1.3.3-жолымен белгіленген күл мен күлшлактарды орналастыруға мөлшерлемелер екі есеге көтерілсін.".
2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
|
Сессия төрағасы, Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы |
С. Ещанов |
КЕЛІСІЛДІ
"Қостанай облысы әкімдігінің
қаржы басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
____________ С. Аймұхамбетова
КЕЛІСІЛДІ
"Қостанай облысы әкімдігінің табиғи
ресурстар және табиғат пайдалануды
реттеу басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_____________________ А. Маукұлов
КЕЛІСІЛДІ
"Қостанай облысы әкімдігінің
экономика және бюджеттік
жоспарлау басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_______________________ Е. Спанов