Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 26.08.2019 № 43 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қызылорда облысы әкімдігінің келесі қаулыларына өзгерістер енгізілсін:
1) "Мәдениет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 маусымдағы № 45 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5066 нөмірімен тіркелген, "Кызылординские вести" және "Сыр бойы" газеттерінде 2015 жылғы 30 шілдеде жарияланған) 1-тармағының 2) тармақшасы алынып тасталсын;
2) "Қызылорда облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 10 маусымдағы № 485 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5551 нөмірімен тіркелген, "Кызылординские вести" және "Сыр бойы" газеттерінде 2016 жылғы 14 шілдеде жарияланған) 2-тармағының 2) тармақшасы алынып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Р.Р. Рүстемовке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қызылорда облысы әкімінің міндетін атқарушы |
Қ. Ысқақов |