Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына және Қарағанды облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 4 шілдедегі қорытындысына сәйкес, Нұра ауданы Ахмет ауылының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Нұра ауданы Ахмет ауылының көшелері:
1) Гагарин көшесі Ғарышкерлер көшесіне;
2) Лермонтов көшесі Достық көшесіне;
3) Механизатор көшесі Бірлік көшесіне;
4) Мира көшесі Бейбітшілік көшесіне;
5) Молодежная көшесі Жастар көшесіне;
6) Набережная көшесі Наурыз көшесіне;
7) Новая көшесі Бәйтерек көшесіне;
8) Озерная көшесі Тәуелсіздік көшесіне;
9) Речная көшесі Нұра көшесіне;
10) Садовая көшесі Атамекен көшесіне;
11) Степная көшесі Сарыарқа көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Ауыл әкімінің міндеттерін атқарушысы |
С. Ишанкулов |