Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының негізінде, Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 27 наурыздағы ХХІІІ сессиясының № 260 "Қарағанды облыстық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2610 болып тіркелген, 2014 жылғы 29 сәуірдегі "Орталық Қазақстан" №79 (21713) және "Индустриальная Караганда" №72 (21593) газеттерінде, 2014 жылғы 5 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалысына бақылау жасау облыстық мәслихат аппаратының басшысына (Қ.Қ. Нүркенов) жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Сессия төрағасы | Қ. Оспанова |
| Облыстық мәслихаттың хатшысы | С. Өтешов |