Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, Қызылжар ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызылжар ауылдық округі әкімінің "Жаңатұрмыс ауылының көшелеріне атаулар беру туралы" 2009 жылғы 22 қазандағы № 02 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-6-111 болып тіркелген, 2009 жылғы 20 қарашада "Маяк" аудандық газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
""Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, 2009 жылдың 15 шілдедегі Жаңатұрмыс ауыл тұрғындары жиынның № 9 хаттамасын ескере отырып, Қызылжар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қызылжар ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы |
А.Чибисова |
"КЕЛІСІЛДІ"
|
Астрахан ауданының "Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы |
Г.Карасаева |
27.03.2017 ж.
|
Астрахан ауданының "Құрылыс сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы |
Н.Кулаков |
27.03.2017 ж.
|
Астрахан ауданының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы |
Ғ.Шонабаева |
27.03.2017 ж.