Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі заңдарына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Астана қаласы мәслихатының "Астана қаласының құрметті азаматы атағын беру Ережесі туралы" Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 6 қарашадағы № 257/39-IV шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 254/36-V (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 826 болып тіркелген, 2014 жылғы 7 тамызда "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) және "Астана қаласының құрметті азаматы атағын беру Ережесі туралы" Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 6 қарашадағы № 257/39-IV шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 9 шілдедегі № 271/37-V (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 832 болып тіркелген, 2014 жылғы 7 тамызда "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешімнің кіріспесіндегі "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы" деген сөздер және сандар "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі" деген сөздер және сандармен ауыстырылсын.
2. Осы шешiм әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Астана қаласы мәслихаты сессиясының төрағасы |
М. Тулеутаев |
|
Астана қаласы мәслихаты хатшысының міндетін атқарушы |
С. Жүнісов |