"Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-68) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 24.10.2025 № 355 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған:
1) Авиациялық медициналық орталықты сертификаттау және оған сертификат беру қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) Авиациялық медициналық орталықтарға қойылатын сертификаттау талаптарын осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі |
Ж. Қасымбек |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау
министрі
_________________ Е. Біртанов
2017 жылғы 10 шілде
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика
министрі
_________________ Т. Сүлейменов
2017 жылғы 3 шілде
| Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 16 маусымдағы № 358 бұйрығына 1-қосымша |
Авиациялық медициналық орталықты сертификаттау және оған сертификат беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Авиациялық медициналық орталықты сертификаттау және оған сертификат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 14-бабы 1-тармағының 41-68) тармақшасына сәйкес әзірленді және авиациялық медициналық орталықты сертификаттау және оған сертификат беру тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 24.10.2025 № 355 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) авиациялық медициналық орталық (бұдан әрі – АМО) – азаматтық авиация саласында медициналық куәландыруды жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) авиациялық медициналық орталықтың сертификаты (бұдан әрі – сертификат) – авиациялық медициналық орталықтың сертификаттық талаптарға сәйкестігін куәландыратын белгіленген үлгідегі құжат;
3) авиациялық медициналық сарапшы (бұдан әрі – сарапшы) – әуе кемелерінің ұшуын орындауға және қамтамасыз етуге және оларға техникалық қызмет көрсетуге, әуе қозғалысына қызмет көрсетуге тікелей байланысты тұлғаларды медициналық куәландырудан өткізуге, лицензиялар немесе біліктілік белгілерін алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен тағайындаған авиациялық медицина саласында даярлықтан өткен және практикалық дағдылары мен жұмыс тәжірибесі бар авиациялық медициналық сарапшы куәлігі бар дәрігер;
4) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын орнықты дамытуды, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам;
5) бейінді маман – жоғары медициналық білімі, денсаулық сақтау саласында сертификаты бар медицина қызметкері;
6) аса жеңіл авиация (бұдан әрі – АЖА) – сертификатталған ең жоғары ұшып көтерілу массасы жеті жүз елу килограмнан кем болатын әуе кемелерін, басқа да ұшу аппараттары мен қосымша құрылғыларды пайдаланатын азаматтық авиация;
6) өтініш беруші – АМО сертификатын алуға өтініш берген заңды тұлға;
7) сертификаттық тексеру – азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен өтінім берушінің АМО-ға қойылатын сертификаттық талаптарға сәйкестігіне жүзеге асыратын тексеру.
Ескерту. 2-тармақ тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 03.02.2023 № 79 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.10.2025 № 355 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.3. Сертификат Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан АМО-ға беріледі.
4. Сертификат үш жылға беріледі және басқаға берілуге жатпайды.
2-тарау. Сертификаттау және авиациялық медициналық орталықққа сертификат беру тәртібі
5. Сертификаттау рәсімдерінен өту және сертификат алу үшін өтініш беруші уәкілетті ұйымға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес авиациялық медициналық орталықты сертификаттауға ұсынылатын құжаттар тізбесін қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша авиациялық медициналық орталық сертификатын алуға өтінімді ұсынады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.07.2019 № 526 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Ұсынылған құжаттар толық болмаған жағдайда, уәкілетті ұйым өтініш тіркеу күнінен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оларды өтініш берушіге қайтарып береді.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.07.2019 № 526 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Сертификация өтініш тіркеу күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
8. Уәкілетті ұйым өтінішті тіркеу күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде құрамына уәкілетті ұйымның авиациялық медициналық инспекторлары, сондай-ақ мамандар, консультанттар және/немесе тәуелсіз сарапшылар кіретін сертификаттық зерттеп-қарау жүргізу бойынша комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрады.
Комиссия мүшелерінің жалпы саны комиссия төрағасы мен мүшелерін қоса алғанда, тақ санды құрайды.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 24.10.2025 № 355 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Сертификаттық тексеру АМО осы Қағидалар талаптарына және сертификаттық талаптарға сәйкестігін анықтау мақсатында жүргізіледі.
10. Сертификаттық тексеруді өткізу басталғанға дейін кемінде 2 (екі) жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйым өтінім берушіге оның басталу күні туралы ақпаратпен қамтылған еркін нысандағы хабарламаны жібереді.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.07.2019 № 526 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Сертификаттық тексеру хабарламада көрсетілген мерзімнен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде нұсқаулық материалмен жүргізіледі.
12. Сертификаттық тексерудің аяқталу күні комиссия осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда Сертификаттық тексеру актісін (бұдан әрі – акт) жасайды.
13. Акт қорытындылар мен ұсынымдар көрсетіліп, 2 (екі) данада жасалады және комиссияның барлық мүшелері қол қояды.
14. Актінің бір данасы өтініш берушінің қолына беріледі.
15. Сертификаттық талаптарға сәйкес келмейтін жағдайда, өтініш беруші актіні алған күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйымға түзету іс-қимылдары жоспарын (бұдан әрі – жоспар) ұсынады.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.07.2019 № 526 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.16. Жоспарда сертификаттық талаптарға сәйкес келмеушіліктерді түзетудің сатылы іс-қимылдары, оларды іске асыру мерзімдерімен бірге көрсетіледі.
17. Өтініш берушінің сертификаттық талаптарға сәйкес келетін және сертификаттық тексеру кезінде анықталған сәйкес келмеушіліктерді түзеткен жағдайда 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйым өтініш берушіге осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификат береді.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.07.2019 № 526 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.18. Барлық берілген сертификаттар осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысандағы авиациялық медициналық сарапшылардың сертификаттарын беруді есепке алу журналына тіркейді.
19. Сертификатты беруге бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
1) қызметтерді алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталуы;
2) өтініш беруші және (немесе) тағайындауға қажетті материалдар, деректер мен мәліметтердің тиісінше осы Қағидалардың талаптарына сәйкес еместігі;
3) өтінім берушіге қатысты медициналық қызметке немесе оның жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болуы.
Сертификатты беруге дәлелді бас тарту өтініш берушіге өтініш тіркеу күнінен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жіберіледі.
3-тарау. Қорытынды ережелер
20. Сертификаттың қолданылуы үш жылға дейін ұзартылады. Ұзартуға өтініш оның қолданылуының аяқталуына үш ай қалғанға дейін беріледі және уәкілетті ұйыммен 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарастырылады.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.07.2019 № 526 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.21. Сертификаттың қолданылуы ұзартудың басты шарты өтініш беру алдындағы 3 жылдан аспайтын кезеңде жыл сайын 200 (екі жүзден) кем емес 1-кластағы медициналық куәландырулар өткізу болып табылады.
1-кластағы медициналық куәландырулар саны 200 (екі жүзден) кем болатын АМО-да 3-кластағы медициналық куәландырулар саны есепке алынады.
22. Сертификаттық талаптардың бұзылғаны анықталған жағдайда, уәкілетті ұйым мынадай тәртіпте іс-қимыл жасайды:
1) сертификат иесінен осы Заңның 16-3-бабына сәйкес жоспарды ұсынуын және оны орындауын талап етеді;
2) егер жоспарда белгіленген мерзімдерде сертификаттық талаптарды бұзу жойылмаса, АМО-ның мұндай сертификатының қолданылу саласын (немесе сертификатта көрсетілген, рұқсат етілген қызмет түрлерінің (кіші түрлерінің) толықтай немесе ішінара тоқтатады;
3) сертификаттың қолданысы тоқтатылған күннен бастап бір жыл ішінде сертификаттық талаптарды бұзу жойылмаса, сертификатты қайтарып алады.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.07.2019 № 526 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.23. Сертификаттың қолданысы оның иесінің өтініші бойынша да толығымен не ішінара шектелуі мүмкін.
24. Уәкілетті ұйымның әрекетіне және/немесе әрекетсіздігіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте шағымдануға болады.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.07.2019 № 526 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.| Авиациялық медициналық орталығын сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларына 1-қосымша |
|
| нысан |
Уәкілетті орган басшысына
___________________________
___________________________
___________________________
Авиациялық медициналық орталық сертификатын алуға ӨТІНІШ
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.07.2019 № 526 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Көлік министрінің м.а. 24.10.2025 № 355 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
1. Атауы:_________________________________________________________________
2. Орналасқан жері:________________________________________________________
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
3. Медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензия_____________________________
_________________________________________________________________________
4. Медициналық қызметке лицензиясы _______________________________________
5. Өтінім берушінің ұйымдастыру қызметінің сипаты ___________________________
_________________________________________________________________________
6. Болжамды медициналық куәландыру түрлерінің (класта) тізбесі
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
7. Медициналық куәландыруды өткізу сапасын бақылауды ұйымдастыру жүзеге
асырылады_______________________________________________________________
8. Өтініш берушінің қосымша хабардар ететін мәліметтері_______________________
_________________________________________________________________________
9. Өтініш беруші:
1) авиациялық медицинаны реттейтін нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге;
2) уәкілетті ұйымның авиациялық медициналық инспекторларын қолданыстағы заңнамамен көзделген мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру тәртібін сақтау шартымен мемлекеттік бақылау мен қадағалау іс-шараларын іске асыруға жіберуге;
3) аккредитттеуден өткен ұйымдарда кемінде 5 жылда бір рет медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыруды жүзеге асыруға міндеттеледі.
Осы өтініште және оған қоса берілген құжаттарда көрсетілген деректер өзгерген жағдайда, АМО бұл туралы уәкілетті ұйымға тиісті ішкі акті бекітілген сәттен немесе ақпараттың өзгергені туралы өзге де құжаттамалық расталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде хабарлайды.
10. Осы өтініште және оған қоса берілген құжаттардағы ақпараттың сенімділігін растаймын.
АМО басшысы __________________________________________________ _________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы)
"____" _____________ 20 __ жыл
| Авиациялық медициналық орталығын сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларына 2-қосымша |
Авиациялық медициналық орталықты сертификаттауға ұсынылатын құжаттар тізімі
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.12.2018 № 957 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Көлік министрінің м.а. 24.10.2025 № 355 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
1. Үй-жайға немесе ғимаратқа меншік, жалдау не мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құқығын куәландыратын құжат (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған).
2. Медициналық жабдықтармен және медициналық мақсаттағы бұйымдар тізбесі (заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған, егер бар болса).
3. Сарапшылардың нотариалды куәландырылған сертификаттары мен оларды жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмелері (заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған, бар болса).
4. Бейінді мамандардың соңғы 5 жылда біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы мәліметтер және жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтардың көшірмелері.
Заңды тұлғаның мөрі болған жағдайда құжаттар сонымен куәландырады, мөрі болмаған жағдайда, құжаттарға лауазымы көрсетіле отырып, уәкілетті тұлға қол қояды.
Электрондық қолтаңбаны немесе цифрлық құжатты ұсынуға рұқсат етіледі.
5. Кесте нысанындағы АМО-ның штаттық құрылымы (заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған, бар болса).
6. Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектерінің жоқ (бар) екені туралы анықтама (заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған, бар болса).
Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалар үшін мөр талап етілмейді.
| Авиациялық медициналық орталығын сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларына 3-қосымша |
|
| нысан |
Сертификаттық зерттеу актісі
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.07.2019 № 526 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
_______________________________________________________________
(уәкілетті ұйымның атауы)
20__ жылғы "___" ____________ № _________ бұйрығына сәйкес келесі құрамдағы
комиссия:
Комиссия төрағасы:_______________________________________________
(тегі, аты - әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы)
Комиссия мүшелері:_______________________________________________
(тегі, аты - әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы)
_________________________________________________________________
(тегі, аты - әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы)
_______________________ сертификаттық зерттеу жүргізді.
(ұйымның атауы)
Қорытынды мәтіні:__________________________________________________
___________________________________________________________________
________________________________________________________________
Комиссия төрағасы: _____________________________________ ____________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы)
Комиссия мүшелері: _____________________________________ ____________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы)
______________________________________ ____________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы)
Актімен таныстым:
Ұйым басшысы: _________________________________________ ____________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы)
М.О. (бар болған жағдайда)
| Авиациялық медициналық орталығын сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларына 4-қосымша |
Уәкілетті ұйымның атауы Уәкілетті ұйымның мекенжайы Авиациялық медициналық орталықтың № ________ сертификаты
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.07.2019 № 526 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
20__ жылғы "___" _________ берілген.
Осы сертификат __________________________________________________________
(Авиациялық медициналық орталықтың, ұйымның, құрылымдық
бөлімшенің атауы және заңдық мекенжайы)
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
авиациялық медициналық орталықтың Қазақстан Республикасының, келесі қолданылу
саласына қатысты ИКАО стандарттары және ұсынылған тәжірибесімен белгіленген
сертификаттау талаптарына сәйкес келетінін куәландырады:
_______ класс (тар) бойынша медициналық куәландыру өткізеді.
Сертификат авиациялық медициналық орталықтың
__________________________________________________________________________
(уәкілетті ұйымның атауы)
20__ жылғы "___" _____________ № ____ сертификаттық зерттеу актісі негізінде
берілген.
Инспекциялық бақылауды
__________________________________________________________________________
(уәкілетті ұйымның атауы)
жүзеге асырады.
20__ жылғы "___" ____________
Сертификаттың әрекет ету мерзімі: 20__ жылғы "___" __________
Азаматтық авиация саласындағы
уәкілетті ұйымның қызметшісі
не ол уәкілеттік берген адам ______________________________________ __________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы)
М.О. (бар болған жағдайда)
| Авиациялық медициналық орталығын сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларына 5-қосымша |
|
| нысан |
Авиациялық медициналық орталық сертификаттарын беруді есепке алу журналы
Сертификаттың р/с № | Сертификаттарды беру күні | Қолданылу саласы | Заңды тұлғаның атауы, жеке тұлға және/немесе жауапты заңды тұлғаның тегі, аты-жөні (егер бар болса) | Жеке тұлға немесе жауапты заңды тұлғаның аты-жөні, тегі, аты-жөні (егер бар болса) қолы | Ескертпе |
Ескертпе: журнал беттері нөмірленеді, тігіледі және мөрмен бекітіледі.
| Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 16 маусымдағы № 358 бұйрығына 2-қосымша |
Авиациялық медициналық орталықтарға қойылатын сертификаттау талаптары
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.01.2022 № 40 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Авиациялық медициналық орталықтарға (бұдан әрі – АМО) келесі сертификаттық талаптарға (бұдан әрі – сертификаттық талаптар) сәйкес болады:
1) медициналық қызметті көрсетуге лицензиясының болуы (амбулаториялық емханалық көмек, еңбекке уақытша жарамсыздық пен кәсіби жарамдылық сараптамасы);
2) медициналық куәландыру өткізуге қажетті нормативтік құқықтық және әдістемелік құжаттарының болуы;
3) қатерлерді кезеңдік бағалап және оларды басқару жолымен ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін басқару жүйесінің болуы;
4) меншік, жалдау не мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құқығындағы үй-жай немесе ғимараты болуы;
5) үй-жайдың немесе ғимараттың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 тамыздағы № ҚР ДСМ-96/2020 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiнде № 21080 болып тіркелген) бекітілген "Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына және өртке қарсы қауіпсіздігіне сәйкес болуы;
6) осы сертификаттық талаптарға 1-қосымшаға сәйкес АМО ең төменгі медициналық құрал-жабдық тізбесінен кем емес медициналық бұйымдарының болуы;
7) функциональды диагностика кабинеті (бөлімшесі) мен клиникалық-диагностикалық зертханасының болуы;
8) функциональды диагностика кабинеті (бөлімшесі) мен клиникалық-диагностикалық зертханасында осы сертификаттық талаптарға 1-қосымшаға сәйкес АМО ең төменгі медициналық құрал-жабдық тізбесінен кем емес медициналық бұйымдарының болуы;
9) медициналық куәландыру мақсатында өткізілген зерттеулер бойынша тіркеу-есепке алу құжаттамасының болуы;
10) АМО штатында осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Авиациялық медициналық орталықтарға ең төменгі штаттық нормативінен кем емес медициналық мамандары мен әкімгер қызметкерлері болуы;
11) уәкілетті ұйымға және басқа АМО және АМС (қажет болса) ақпарат беру жүйесі болуы;
12) үй-жай немесе ғимаратты қорғаныс заттарымен қамтамасыз ету (металл сейфтері, дабыл жүйесі).
| Авиациялық медициналық орталықтарға қойылатын сертификаттау талаптарына 1-қосымша |
Авиациялық медициналық орталықтардың
ең төменгі медициналық құрал-жабдық тізбесі
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 24.10.2025 № 355 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Р/с№ | Құрал-жабдықтың атауы | Саны (дана/ жиынтық) |
АМС кабинеті | ||
1. | 12 сымды тыныштықтағы ЭКГ-ге арналған жабдық | 1 жиынтық |
2. | Манипуляциялық үстел | 1 дана |
3. | Бой өлшегіш | 1 дана |
4. | Медициналық таразы | 1 дана |
5. | Сантиметрлік лента | 1 дана |
6. | Хирургиялық қолғап | 10 дана |
7. | Негатоскоп | 1 дана |
8. | Стетофонендоскоп | 1 дана |
9 | Сфигмоманометр (тонометр) | 1 дана |
10. | Медициналық термометр | 3 дана |
11. | Медициналық кушетка | 1 дана |
12 | Ауыз қуысын тексеруге арналған шам | 1 дана |
13. | Бір рет қолданылатын шпательдер (1 ауысымға кемінде 10 дана есебінде) | 10 дана |
14 | Бактерицидтік сәулелендіргіш | 1 дана |
15 | Пульсоксиметр | 1 дана |
16 | Қол динамометрі | 1 дана |
Бейінді маман оториноларингологтың кабинеті | ||
1. | Медициналық шкаф | 1 дана |
2. | Манипуляциялық үстел | 1 дана |
3. | Икемді штативі бар үстел шамы | 1 дана |
4. | Вестибулярлық анализаторды зерттеуге арналған айналмалы орындық | 1 дана |
5. | Аудиометр | 1 дана |
6. | Маңдай рефлекторы | 1 дана |
7. | Бір рет қолданылатын шпательдер (1 ауысымға кемінде 10 дана есебінде) | 10 дана |
8. | Құлақ воронкасы | 1 дана |
9. | Мұрынды қарап-тексеруге арналған айна | 1 дана |
10. | Көмейді қарап-тексеруге арналған айна | 1 дана |
11. | Иінді құлақ пинцеті | 1 дана |
12. | Иісті заттарға арналған кептелген тығындары бар штанглас | 3 дана |
13. | Бактерицидтік сәулелендіргіш | 1 дана |
Бейінді маман офтальмологтың кабинеті | ||
1. | Көру өткірлігін анықтауға арналған құрал | 1 дана |
2. | Полихроматты кестелер | 1 дана |
3. | Сынақ жақтаулары мен керек-жарақтары бар сынақ линзаларының жиынтығы | 1 дана |
4. | Рефрактометр | 1 дана |
5. | Офтальмоскопияға арналған құрал | 1 дана |
6. | Периметрияға арналған құрал | 1 дана |
7. | Бинокулярлық көруді анықтауға арналған құрал | 1 дана |
8. | Көз ішіндегі қысымын өлшеуге арналған құрал (байланысты немесе байланыссыз) | 1 дана |
9. | Икемді штативі бар үстел шамы | 1 дана |
10. | Медициналық кушетка | 1 дана |
11. | Бактерицидтік сәулелендіргіш | 1 дана |
Психологтың кабинеті | ||
1. | Тест бланкілерінің жиынтығы | 10 жиынтық |
2. | Психологиялық тексеруге арналған бағдарламалар жиынтығы бар дербес компьютер | 1 дана |
3. | Бактерицидтік сәулелендіргіш | 1 дана |
Функционалдық диагностика кабинеті (бөлімшесі) | ||
1. | 12 сымды тыныштықтағы ЭКГ-ге арналған жабдық | 1 жиынтық |
2. | Жүктемесі бар ЭКГ-ге арналған жабдық | 1 жиынтық |
3. | 24 сағаттық қан қысымын бақылауға арналған жабдық | 1 жиынтық |
4. | 24 сағаттық жүрек қағысын бақылауға арналған жабдық | 1 жиынтық |
5. | Медициналық кушетка | 1 дана |
6. | Бактерицидтік сәулелендіргіш | 1 дана |
Клиникалық-диагностикалық зертхана | ||
1. | Биохимиялық талдағыш | 1 жиынтық |
2. | Қанды талдағыш | 1 жиынтық |
3. | Зәрді талдағыш | 1 жиынтық |
4. | Бинокулярлы микроскоп | 1 дана |
5. | Эритроциттердің тұну жылдамдығын анықтауға арналған құрал | 1 жиынтық |
6. | Зертханалық центрифуга | 1 дана |
7. | Зертханалық сағаттар | 1 дана |
8. | Зарарсыздандыруға және дезинфекциялауға арналған жабдық | 1 жиынтық |
9. | Аквадистиллятор | 1 дана |
10. | Бактерицидтік сәулелендіргіш | 1 дана |
Ескертпе:
-осы тізбеде көзделмеген басқа да медициналық қызметтерді денсаулық сақтау саласында тиісті лицензиясы бар медициналық ұйымдар көрсетеді;
-функционалдық жағынан тізбеде көрсетілгендерге сәйкес келетін сертификатталған жабдықты, оның ішінде заманауи медициналық бұйымдарды пайдалануға рұқсат етіледі;
-"Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 тамыздағы № ҚР ДСМ-96/2020 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21080 болып тіркелген) бұйрығының талаптарын ескере отырып, кабинеттер арасында тасымалданатын жабдықты бірлесіп пайдалануға рұқсат етіледі.
| Авиациялық медициналық орталықтарға қойылатын сертификаттау талаптарына 2-қосымша |
Авиациялық медициналық орталықтарның ең төменгі штаттық нормативі
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 24.10.2025 № 355 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ | Лауазым атауы | Лауазым саны | Ескертпе |
1. | Басшы | 1 лауазым |
Тиісті дипломның, қолданыстағы сертификаттың бар екендігін құжаттамалық растау және жүктеменің белгіленген нормативтерін сақтау шартымен кемінде екі лауазымды қоса атқаруға жол беріледі. |
2. | Басшының орынбасары | 1 лауазым (болған жағдайда) | |
3. | Хатшы (іс жүргізуші) | 1 лауазым (болған жағдайда) | |
4. | Медициналық статистик (мұрағатшы) | 1 лауазым | |
5. | Медициналық қызметтердің сапасын бақылау жөніндегі маман | 1 лауазым | |
6. | АМС | 2 лауазымнан кем емес | |
7. | Бейінді маман жалпы практика дәрігері | 1 лауазым | |
8. | Бейінді маман невролог | 1 лауазым | |
9. | Бейінді маман хирург | 1 лауазым | |
10. | Бейінді маман офтальмолог | 1 лауазым | |
11. | Бейінді маман оториноларинголог | 1 лауазым | |
12. | Бейінді маман гинеколог | 1 лауазым | |
13. | Профпатолог дәрігер | 1 лауазым | |
14. | Функционалдық диагностика дәрігері | 1 лауазым | |
15. | Психолог | 1 лауазым | |
16. | Аға медициналық бике | 1 лауазым | Дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету үшін орта және кіші медициналық персоналдың жұмысын ұйымдастыру және бақылау. |
17. | Медициналық бике | Медициналық бикелердің саны бір дәрігерге немесе AMС лауазымына бір мөлшерлеме есебінен анықталады. Қызметтерді бір тұлғаға біріктіру кезінде жүктеме бір мөлшерлеме шегінде сақталған жағдайда бір медициналық бикені тағайындауға рұқсат етіледі. | |
18. | Зертханашы (зертхана маманы) | 2 лауазымнан кем емес |
Тиісті дипломның, қолданыстағы сертификаттың бар екендігін құжаттамалық растау және жүктеменің белгіленген нормативтерін сақтау шартымен кемінде екі лауазымды қоса атқаруға жол беріледі. |
19. | Әкімшілік басқару персоналы | - | Тәуелсіз заңды тұлғалар үшін әкімшілік басқару персоналы (басшы, орынбасар, хатшы және статист лауазымдарын қоса алғанда) міндетті болып табылады. Басқа медициналық ұйымдардың құрамына кіретін орталықтар үшін функциялардың құжаттық бекітілгенін растай отырып, ортақ әкімшілік ресурсты пайдалануға жол беріледі. |