Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 22.05.2025 № 245 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің оларды өткізуден түсетін ақшасы өзінің иелігінде қалатын тауарлары (жұмыстары, көрсетілетін қызметтері) тізбесінің сыныптауышын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 25 мамырдағы № 215 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 5702 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің оларды өткізуден түсетін ақшасы өзінің иелігінде қалатын тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) тізбесінің сыныптауышында:
"Бiлiм беру саласындағы мемлекеттік мекемелер ұсынатын қызметтер" деген бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
"
Бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк мекемелер ұсынатын қызметтер | |||||||||
РБ |
04 |
6 |
225 |
204 |
100 | 001 | Қосымша бiлiм беру бағдарламаларын (балалар және жасөспiрiмдер шығармашылығын, спорт, мәдениет және өнер саласындағы бейiмдiлiктер мен қызығушылықтарды дамыту), iске асыру. |
1) мекемелердiң оқу-материалдық базасын нығайту; | "Бiлiм беру туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңының 63-бабы, "Мемлекеттік білім беру мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 20 шiлдедегi № 1102 қаулысы. |
РБ |
04 |
6 |
225 |
204 |
100 | 002 | Музыкалық аспаптарды пайдаланғаны үшiн төлем | Сол сияқты | Сол сияқты |
ЖБ |
04 |
2 |
261 |
003 |
011 | 003 | Мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiнiң энергия қондырғыларымен және бу қазандықтарымен берiлетiн жылу энергиясын жiбергенi үшiн төлем | Сол сияқты | Сол сияқты |
РБ |
04 |
6 |
225 |
204 |
100 | 004 | Оқу-өндiрiстiк шеберханалардың, оқу шаруашылықтарының, оқу-тәжiрибе учаскелерiнiң өнiмдерiн өндiруді және өткiзудi ұйымдастыру | Сол сияқты | Сол сияқты |
РБ |
04 |
9 |
240 |
041 |
100 | 005 | Жазғы демалысты ұйымдастыру, бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң, бiлiм беру ұйымдарында өткiзiлетiн түрлi iс-шараларға қатысушылардың тамақтануын қамтамасыз ету бойынша қызметтер | Сол сияқты | Сол сияқты |
РБ |
04 |
6 |
225 |
204 |
100 | 006 | Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлер, педагог қызметкерлер мен ересек тұрғындар арасында әр түрлi: спорт жарыстарын, семинарлар, кеңестер, конференциялар, сондай-ақ оқу-әдiстемелiк әдебиеттi әзiрлеу мен iске асыру жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастыру және өткiзу бойынша қызметтер | Сол сияқты | Сол сияқты |
РБ |
04 |
6 |
225 |
204 |
100 | 007 | Пәндер (дәрiстер және дәрiстердiң циклдерi) бойынша бiлiм алушылармен ғылым негiздерiн тереңдетiп зерделеудi ұйымдастыру бойынша қызметтер | Сол сияқты | Сол сияқты |
РБ |
04 |
9 |
240 |
041 |
100 | 008 | Оқу жоспары мен бағдарламалары бойынша бөлiнген оқу уақытынан тыс пәндер (дәрiстер және дәрiстердiң циклдерi) бойынша жекелеген бiлiм алушылармен қосымша сабақтар ұйымдастыру бойынша қызметтер | Сол сияқты | Сол сияқты |
ЖБ |
04 |
4 |
261 |
024 |
000 | 009 | Кәсiптiк оқытуды ұйымдастыру (техникалық және қызмет көрсетушi еңбек мамандарын қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру) бойынша қызметтер | Сол сияқты | Сол сияқты |
РБ |
04 |
6 |
225 |
204 |
100 | 010 | Мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру бойынша қызметтер | Сол сияқты | Сол сияқты |
РБ |
04 |
6 |
225 |
204 |
100 | 011 | Интернет-байланыстың қосымша қызметтерi | Сол сияқты | Сол сияқты |
ЖБ |
04 |
4 |
261 |
024 |
000 | 012 | Қызметкерлердi техникалық және кәсіби бiлiм беру ұйымдарында кәсіпке даярлау жөніндегі қызметтер | Сол сияқты | Сол сияқты |
РБ |
04 |
6 |
225 |
204 |
100 | 013 | Өнер мамандықтары бойынша жоғары кәсiптiк бiлiмi бар мамандарды даярлау бойынша жөніндегі қызметтер | Сол сияқты | Сол сияқты |
".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорына жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Б. Сұлтанов |