БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыру тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілетін Тізбенің 2 және 3-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы |
Р. Скляр |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
____________________ Д Абаев
2017 жылғы 28 наурыз
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_______________ Б. Сұлтанов
2017 жылғы 24 наурыз
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
___________ Т. Сүлейменов
2017 жылғы 18 наурыз
| Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 16 наурыздағы № 153 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыру тізбесі
1. Күші жойылды – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 22.06.2026 № 321 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.) бұйрығымен.
2. Күші жойылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 19.05.2026 № 245 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. Күші жойылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 19.05.2026 № 245 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
| Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыру тізбесіне қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 19.05.2026 № 245 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.