1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 10 қарашадағы № 289 "2016 жылға аудандар және қалалар бойынша субсидиялар көлемдерін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3875 болып тіркелген, 2016 жылғы 23 қарашада "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Аудандар және қалалар бойынша:
Оңтүстік Қазақстан облысы басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау көлемі осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес; ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау көлемі осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.";
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.
2. "Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы қаулының Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Ә.Садырға жүктелсін.
| Облыс әкімі | Ж.Түймебаев |
| Д.А.Сатыбалды | |
| Е.А.Әлімқұлов | |
| Ж.Қ.Бөкенбаев | |
| Е.Ә.Садыр | |
| Ұ.Сәдібеков | |
| Р.Ж.Мүлкеманов | |
| К.Н.Мендебаев |
| Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы "12" желтоқсандағы № 312 қаулысына 1- қосымша Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы "10" қарашадағы № 289 қаулысына қосымша |
Оңтүстік Қазақстан облысы басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау көлемі
қ/с | Қала, аудандар атауы | Межеленген егістік ауданы, мың гектар | Субсидия көлемі, мың теңге |
| 1 | Арыс | 4,8 | 117 489,5 |
| 2 | Бәйдібек | 16,5 | 131 063,549 |
| 3 | Қазығұрт | 13,9 | 134 089,15 |
| 4 | Мақтарал | 105,3 | 2 444 004,771 |
| 5 | Ордабасы | 16,8 | 301 402,48 |
| 6 | Отырар | 9,9 | 216 372,43 |
| 7 | Сайрам | 0,0 | 14 511,8 |
| 8 | Сарыағаш | 15,9 | 296 088,3 |
| 9 | Созақ | 1,9 | 26 583,25 |
| 10 | Төлеби | 6,6 | 47 927,0 |
| 11 | Түлкібас | 12,5 | 84 560,0 |
| 12 | Шардара | 36,0 | 826 556,34 |
| 13 | Түркістан | 26,3 | 530 384,3 |
| 14 | Шымкент | 3,3 | 32 456,13 |
| 15 | Кентау | 0,5 | 12 504,0 |
| | Барлығы: | 270,2 | 5 215 993,0 |
| Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы "12" желтоқсандағы № 312 қаулысына 2-қосымша Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы "10" қарашадағы № 312 қаулысына қосымша |
Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау көлемі
қ/с | Қала, аудандар атауы | Межеленген егістік ауданы, гектар | Субсидия көлемі, мың теңге |
| 1 | Арыс | 1,75 | 2 625,0 |
| 2 | Бәйдібек | 0,5 | 750,0 |
| 3 | Қазығұрт | 33,15 | 53 546,14 |
| 4 | Мақтарал | 25,75 | 38 631,405 |
| 5 | Ордабасы | 25,45 | 85 853,55 |
| 6 | Отырар | 2,08 | 3 112,5 |
| 7 | Сайрам | 8,45 | 15 196,5 |
| 8 | Сарыағаш | 330,3 | 495 443,48 |
| 9 | Созақ | 0,0 | 0,0 |
| 10 | Төлеби | 5,29 | 17 108,55 |
| 11 | Түлкібас | 0,32 | 486,0 |
| 12 | Шардара | 0,7 | 1 050,0 |
| 13 | Түркістан | 14,68 | 56 692,825 |
| 14 | Шымкент | 115,35 | 279 722,05 |
| 15 | Кентау | 2,19 | 3 285,0 |
| | Барлығы: | 565,96 | 1 053 503,0 |