Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 03.11.2020 № 536/71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысының 10-тармағына сәйкес Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Павлодар қалалық мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі "Атаулы күндер мен мерекелік күндерге жеке алынған санаттардағы көмек алушыларға әлеуметтік көмек көрсету мөлшерлерін белгілеу туралы" № 259/35 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3778 болып тіркелген, 2014 жылғы 9 мамырда "Шаһар" газетінде, 2014 жылғы 8 мамырда "Звезда прииртышья" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың төртінші абзацындағы "зейнеткерлік жасқа толған адамдардар, атап айтқанда:" сөздері "зейнеткерлік жасқа толған, зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерінен төмен алатын азаматтарға (тұлғаларға), атап айтқанда:" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сессия төрағасы | Е. Әбенов |
| Қалалық мәслихаттың хатшысы | З. Мұқашева |
| "КЕЛІСІЛДІ" | |
| Павлодар облысының әкімі | Б. Бақауов |
| 2016 жылғы "28" маусым |