"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 12 мамырдағы № 220 "Азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6472 болып тіркелген, 2016 жылғы 27 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген "Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде (бұдан әрі – Регламент):
5-тармақтың 3) тармақшасының екінші абзацы мына редакцияда жазылсын:
"бала тууын бала туған күннен бастап үш жұмыс күні өткеннен кейін тіркеген жағдайда мемлекеттік қызмет күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде көрсетіледі;";
осы қаулының қосымшасына сәйкес Регламенттің 2-қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қостанай облысының әкімі |
А. Мұхамбетов |
"Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процесстерінің анықтамалығы

Шартты белгілер


