"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37-баптарына және "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 4 наурыздағы № 99 "Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және жүргізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын жұмыстарды айқындау туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6228 болып тіркелген, 2016 жылғы 2 сәуірде "Қостанай таңы" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген қосымшадағы:
"
| 2 | "Қостанай ауданы Заречный ауылының "Северный" шағын ауданында екі 48 пәтерлі тұрғын үйлерге инженерлік тораптар" нысаны бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары |
"
| 4 | "Заречный ауылынның "Северный" шағын ауданында көп қабатты құрылыстың газ қазандығы" нысаны бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары |
деген жолдар алынып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қостанай облысының әкімі |
А. Мұхамбетов |