“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және “Білім туралы” Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Бекітілсін:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2016 жылға жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері;
3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес 2016 жылға ата-ананың ақы төлеу мөлшері.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Ж.Тажмахановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Жалағаш ауданының әкімі | Т. Дүйсебаев |
| Жалағаш ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 78 қаулысына 1-қосымша |
2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
№ | Аудан атауы | Мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен мектепке дейінгі ұйымдарға орналастырылатын балалар саны |
1 | Жалағаш ауданы | 1195 |
| Жалағаш ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 78 қаулысына 2-қосымша |
2016 жылға жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 31.10.2016 № 222 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 01.01.2016 бастап пайда болған қатынастарға таралады).
№ | Аудан атауы | Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығын (теңге) | |
1 | Жалағаш ауданы | Балабақша (мемлекеттік/жеке меншік) | Шағын орталық |
24240 теңге | 19187 теңге | ||
| Жалағаш ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 78 қаулысына 3-қосымша |
2016 жылға ата-ананың ақы төлеу мөлшері
№ | Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-ана төлем ақысының ай сайынғы мөлшері | Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қызмет алатын жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-ана төлем ақысының ай сайынғы мөлшері |
1 | Алты еселенген айлық есептік көрсеткіштен артық емес | Он еселенген айлық есептік көрсеткіштен артық емес |