Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданының әкімдігінің 03.05.2024 № 21/02 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Абай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 18 наурыздағы "1 топ мүгедектеріне әлеуметтік көмектің қосымша түрін көрсету жөнінде" № 09/01 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3147 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 16 "Абай-Ақиқат" аудандық газетінде жарияланған, "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 28 қазанда жарияланған) келесі өзгертулер енгізілсін:
тақырыбы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"1 топ мүгедектеріне және 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға әлеуметтік көмектің қосымша түрін көрсету жөнінде";
1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"1. 1 топ мүгедектеріне және 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға әлеуметтік көмектің қосымша түрі ақшалай төлем түрінде – 4800 теңге мөлшерінде жылына біржолғы көмек көрсетілсін.".
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Абай ауданының әкімі | С. Шайдаров |