Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау Комитетінің Шалқар аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2016 жылғы 18 сәуірдегі № 16-8/43 ұсынысы негізінде Шалқар ауылдық округ әкімінің міндетін уақытша атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шалқар ауылдық округінде орналасқан "Ерлат" шаруа қожалығы аумағында мүйізді ірі қара малы арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Шалқар ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас маманы Н.Кішкентаеваға жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Шалқар ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы |
С. Еден |