Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодекісінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 255 "Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4723 санымен тіркелген, 2016 жылы 29 ақпандағы "Шежірелі өлке" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:
"1. Жалпы ережелер" тарауында:
2 тармақтың 8) тармақшасында:
"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының Ақтөбе облыстық филиалының Шалқар аудандық бөлімшесі (бұдан әрі - зейнетақы төлеу орталығы)" сөздері "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" - коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы бойынша филиалы - "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" департаменті Шалқар аудандық бөлімшесі" сөздерімен ауыстырылсын;
"3. Әлеуметтік көмекті көрсету тәртібі" тарауында:
15 тармақтың 6) тармақшасы алынып тасталсын;
16 тармақтағы:
"2) және 4) тармақшалары" сөздері " 2) және 5) тармақшалары" сөздерімен ауыстырылсын:
26 тармақ алынып тасталсын.
"4. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасау" тарауында:
29 тармақтың екінші абзацындағы:
" 2 тармағында" сөздері "31 тармағында" сөздерімен ауыстырылсын;
"5. Көрсетiлетiн әлеуметтiк көмектi тоқтату және қайтару үшiн негiздемелер" тарауында:
36 тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын;
көрсетілген шешімнің 5-қосымшасында:
"Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының" сөздері "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" - коммерциялық емес акционерлік қоғамының "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы | О. Уксакбаев |
| Аудандық мәслихаттың хатшысы | С. Бигеев |
| ______________ А. Әмірғалиев |