Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 22.11.2017 № 159 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқарутуралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 292"Әйтеке би ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4733 тіркелген, 2016 жылы 3 наурызында"Жаңалық жаршысы" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әйтеке би ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 1) тармақшамен толықтырылсын:
"1) Азаматтарға арналған үкімет" корпорациялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік копорациясы Ақтөбе облысы бойынша филиалы – Әлеуметтік төлемдерді ведомтсвоаралық есептеу орталығы" Департаментінің Әйтеке би аудандық бөлімшесі (бұдан әрі – уәкілетті ұйым);";
1) тармақша 1-1) тармақша болып есептелсін;
8) тармақша алып тасталсын;
17 тармақтың 6) тармақшасы және 18 тармақтың 6) тармақшасы алып тасталсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Аудандық мәслихат сессия төрағасы Б.Сейлханов |
Аудандық мәслихаттыңхатшысыЕ.Таңсықбаев |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Ақтөбе облыстықжұмыспенқамтуды үилестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы _________________________ Қ.Отаров "_____"__________________2017 ж. |