РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Шортанды аудандық мәслихатының "Шортанды ауданының шекараларындағы пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" 2015 жылғы 09 сәуірдегі № С-38/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4787 тіркелген, 2015 жылдың 23 мамырында аудандық "Вести" газетінде және 2015 жылдың 23 мамырында аудандық "Өрлеу" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы келесі редакцияда баяндалсын: "Шортанды ауданының шекараларындағы Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы";
көрсетілген шешімге кіріспеде "387" саны "386" санымен ауыстырылсын;
көрсетілген шешімнің 1 және 2 тармақтарында "пайдаланылмайтын" сөздері "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын" сөздеріне ауыстырылсын.
Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Аудандық мәслихаттың сессия төрайымы |
Ғ.Мұқанова |
|
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
Д.Отаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
| Шортанды ауданының әкімі | Г.Сәдуақасова |
"31" наурыз 2016 ж.
|
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Шортанды ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы" Республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы |
Е.Әубакіров |
"31" наурыз 2016 ж.