Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 23.07.2020 № 6С-56/2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10 бабына сәйкес, Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. "Жарқайың ауданында жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" Жарқайың аудандық мәслихатының 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 6С-3/6 (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5406 болып тіркелген, 2016 жылғы 10 маусымында "Жарқайың тынысы" және "Целинное знамя" аудандық газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасындағы 2 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"2. Жарқайың ауданында жиналыстар және митингілер өткізу орындары анықталсын:
1) Державин қаласы, орталық алаң, Ленин көшесі, 34;
2) Державин қаласы, аудандық мәдениет үйінің алдындағы кіші алаң, Захаров көшесі, 37.";
5 тармақтың 1) тармақшасындағы "немесе тура көрініп тұрулары" сөздері алынып тасталсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы |
Д.Меджидов |
|
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
Ұ.Ахметова |
"КЕЛІСІЛДІ"
| Жарқайың ауданының әкімі | А.Үйсімбаев |
22.08.2016