Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 14 бабы 2 тармақшасына, 42 бабы 3 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 5 тармағына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бекітілсін:
1) осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Ақмола облысының мемлекеттік орман қоры аумағында жеке тұлғалардың өз мұқтажы үшін жабайы өскен жемiстердi, жаңғақты, саңырауқұлақтарды, жидектердi, дәрiлiк шикiзатты және өзге де орман ресурстарын жинау нормалары;
2) осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Ақмола облысының мемлекеттік орман қорында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында екінші дәрежелі сүрек ресурстарын дайындауға төлемақы ставкалары;
3) осы шешімнің 3 қосымшасына сәйкес Ақмола облысының мемлекеттік орман қорында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында жанама орман пайдалануға төлемақы ставкалары;
4) осы шешімнің 4 қосымшасына сәйкес Ақмола облысының мемлекеттік орман қорының және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының телімдерін аңшылық шаруашылығы мұқтажы үшін, ғылыми-зерттеу, сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттарына пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Ақмола облыстық мәслихаты сессиясының төрағасы |
А.Тайшытаев |
|
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы |
Д.Нұрмолдин |
КЕЛІСІЛДІ
|
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы |
А.Дарбаев |
2016 жылғы "12" 12
| Ақмола облыстық мәслихатының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 6С-7-10 шешіміне 1 қосымша |
Ақмола облысының мемлекеттік орман қоры аумағында жеке тұлғалардың өз мұқтажы үшін жабайы өскен жемiстердi, жаңғақты, саңырауқұлақтарды, жидектердi, дәрiлiк шикiзатты және өзге де орман ресурстарын жинау нормалары
№ р/с | Орман пайдалану және ресурстар түрінің атауы | Бір адамның жинау нормасы, килограмм |
| 1 | Екінші дәрежелі сүрек ресурстарын жинау | |
| 1.1 | Қабық | 10 |
| 1.2 | Бұтақтар | 200 |
| 1.3 | Жапырақтар | 10 |
| 1.4 | Бүршіктер | 10 |
| 1.5 | Түбірлер | 500 |
| 1.6 | Тамырлар | 200 |
| 2 | Дәрі-дәрмектік өсімдіктер және техникалық шикізат жинау | |
| 2.1 | Шөптер | 20 |
| 2.2 | Гүлдер | 10 |
| 2.3 | Жапырақтар, сабақтар мен өркендер | 10 |
| 2.4 | Жеміс және жидектер | 20 |
| 2.5 | Тамырлар | 10 |
| 2.6 | Бүршіктер | 10 |
| 3 | Жанама орман ресурстарының жеке түрлерін жинау | |
| 3.1 | Жемістер және жидектер | 30 |
| 3.2 | Саңырауқұлақтар | 50 |
| 3.3 | Қыналар | 50 |
| 3.4 | Орман төсеніші мен жерге түскен жапырақтар | 50 |
| 3.5 | Қамыс | 500 |
| Ақмола облыстық мәслихатының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 6С-7-10 шешіміне 2 қосымша |
Ақмола облысының мемлекеттік орман қорында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында екінші дәрежелі сүрек ресурстарын дайындауға төлемақы ставкалары
№ р/с | Екінші дәрежелі сүрек ресурстары | Өлшем бірлігі | Өлшем бірлігіне АЕК (айлық есептік көрсеткіш) түрі бойынша | ||
қайың | көктере, терек, ағашқа ұқсас тал | қарағай | |||
| 1 | Қабық | тонна | 0,016 | 0,011 | 0,021 |
| 2 | Бұтақтар | тонна | 0,032 | 0,022 | 0,042 |
| 3 | Жапырақтар | тонна | 0,024 | 0,016 | 0,031 |
| 4 | Бүршіктер | килограмм | 0,016 | 0,011 | 0,021 |
| 5 | Түбірлер | тонна | 0,008 | 0,005 | 0,010 |
| 6 | Тамырлар | тонна | 0,048 | 0,033 | 0,063 |
| Ақмола облыстық мәслихатының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 6С-7-10 шешіміне 3 қосымша |
Ақмола облысының мемлекеттік орман қорында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында жанама орман пайдалануға төлемақы ставкалары
| № р/с | Орман пайдалану түрінің атауы | Өлшем бірлігі | Өлшем бірлігі үшін төлем ставкасы, теңге |
| 1 1.1 1.2 1.3 | Шабындық жерлердің сапалық жай-күйінің топтары бойынша: жақсы (өнімділік – центріне 3,5-5,0 гектар), қанағаттанарлық (өнімділік – центріне 2,0-3,5 гектар), нашар (өнімділік – центріне 0,8-2,0 гектар) | Гектар Гектар гектар | 1812 1359 1057 |
| 2 2.1 2.2 2.3 2.4 2.5 2.6 2.7 | Мал жаю Ірі мал: Түйе Ірі қара мал Жылқы Ұсақ мал: Ірі қара төлі Есек Ешкі Қой | бас бас бас бас бас бас бас | 1586 1269 1269 634 634 1110 317 |
| 3 | Дәрілік өсімдіктер және техникалық шикізат: | | |
| 3.1 | Шөптер, гүлдер, жапырақтар | килограмм | 12 |
| 3.2 | Сабақтар және өркендер | килограмм | 12 |
| 3.3 | Бүршіктер | килограмм | 8 |
| 3.4 | Тамырлар | килограмм | 8 |
| 3.5 | Жемістер және жидектер | килограмм | 12 |
| 4 | Орман ресурстарының жеке түрлерін дайындау: | | |
| 4.1 | Жидектер | килограмм | 120 |
| 4.2 | Саңырауқұлақтар | килограмм | 330 |
| 4.3 | Қыналар | центнер | 60 |
| 4.4 | Қамыс | тонна | 700 |
| 4.5 | Орман төсеніші мен жерге түскен жапырақтар | центнер | 40 |
| 5 | Марал шаруашылығы және аң шаруашылығы | гектар | 544 |
| 6 | Ара ұяларын және омарталарды орнату | ұяларын | 1510 |
| 7 | Көкөніс өсіру, бақша өсіру және басқа ауыл шаруашылығы екпелерді өсіру, аңшылық шаруашылығы мұқтажы үшін | гектар | салық заңнамасымен анықталған жер салығының деңгейінде |
| Ақмола облыстық мәслихатының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 6С-7-10 шешіміне 4 қосымша |
Ақмола облысының мемлекеттік орман қорының және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының телімдерін аңшылық шаруашылығы мұқтажы үшін, ғылыми-зерттеу, сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттарына пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары
№ р/с | Орман пайдалану түрінің атауы | Өлшем бірлігі | Өлшем бірлігі үшін төлем ставкасы, теңге |
Ұзақ мерзімге пайдалану | |||
| 1 | Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн аңшылық шаруашылығының қажетi үшiн пайдалану | гектар | 0 |
| 2 | Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу және сауықтыру үшін пайдалану | гектар | 755 |
| 3 | Мемлекеттік орман қоры учаскелерiн рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттағы мақсаттар үшiн пайдалану | гектар | 544 |
Қысқа мерзімге пайдалану (1 жылға дейін) | Төлем ставкасы, АЕК (айлық есептік көрсеткіш) | ||
| 1 | Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу және сауықтыру үшін пайдалану | 1 күн | 0,1 |
| 2 | Мемлекеттік орман қоры учаскелерiн рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттағы мақсаттар үшiн пайдалану | 1 күн | 0,1 |