РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабының 4 тармағының 8 – 1) тармақшасына сәйкес, Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Үржар ауданы бойынша 2015 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімінің міндетін атқарушы | С. Садвакасов |
| Үржар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 06 тамыз № 401 қаулысына қосымша |