РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10 бабы 2 тармағы және "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1 бабы 1 тармағына сәйкес, Үржар аудандық мәслихат ШЕШТІ :
1."Үржар аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" Үржар аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 24-246/V шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3352 нөмірімен тіркелген, "Уақыт тынысы" газетінің 2014 жылдың 05 маусымындағы 68-69 нөмірлерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Үржар аудандық мәслихатының регламентiнде:
7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"7. Мәслихаттың кезектi сессиясы кемiнде жылына төрт рет шақырылады және оны мәслихат сессиясының төрағасы жүргiзедi.".
2.Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сессия төрағасы | Ж. Жұмақұлов | 
| Үржар аудандық | |
| мәслихатының хатшысы | М. Бітімбаев |