РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 10-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтiк құқықтық актілер туралы" Заңының 21-бабына сәйкес, Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Катонқарағай аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" Катонқарағай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 22/164-V шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3345 нөмірмен тіркелген, 2014 жылғы 6 маусымдағы № 43, 2014 жылғы 11 маусымдағы № 44 "Арай" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Катонқарағай аудандық мәслихатының регламентінде:
7- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"7. Мәслихаттың кезектi сессиясы кемiнде жылына төрт рет шақырылады және оны мәслихат сессиясының төрағасы жүргiзедi.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сессия төрағасы | Б. Тоқтағанов |
| Аудандық мәслихат хатшысы | Д. Бралинов |