1. Мыналар:
1) Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының аумағында Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының (бұдан әрі – Қорық) қорғау аймағы жер пайдаланушылар мен меншік иелерінен жер телімдерін алусыз, ені кемінде 2 шақырым болып;
2) Қорықты қорғау аймағының мөлшері мен шекарасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес;
3) Қорықты қорғау аймағының аумағында табиғат пайдаланудың режимі мен тәртібі "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 43 - бабына сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д. М. Мусинге жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Шығыс Қазақстан облысының әкімі | Д. Ахметов |
| "КЕЛІСІЛДІ" | |
| Қазақстан Республикасы | |
| Ауыл шаруашылығы министрлігі | |
| Орман шаруашылығы және | |
| жануарлар әлемі комитетінің | |
| Шығыс Қазақстан облыстық | |
| орман шаруашылығы және | |
| жануарлар дүниесі | |
| аумақтық инспекциясының басшысы | Е.Упобаев |
2015 жылғы "31" 07.
| Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы "30" шілдедегі № 190 қаулысына қосымша |
Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағының мөлшері мен шекарасы
1. Қорғау аймағының жалпы ауданы – 48559,6 гектар.2. Үржар ауданының жерінде қорғау аймағы Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы шекарасының бойында ені кемінде 2 шақырым тұтас жолақпен орналасқан.
Қорғау аймағына шаруа қожалықтарының - 9656,5 гектар, "Фирма Мадина" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің - 12,1 гектар, "Даремет" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің - 2331,3 гектар, "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі" мемлекеттік мекемесінің - 0,03 гектар, "Вокзал-Сервис" акционерлік қоғамының - 0,05 гектар, "2484 әскери бөлімі" мемлекеттік мекемесінің - 1,7 гектар жерлері, елді мекендер жерлері (Сағат ауылы) - 1650,0 гектар, су қоры жерлері (Алакөл, Сасықкөл көлдері) - 14206,4 гектар, қордағы жерлер - 20701,52 гектар кіреді.