"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабы 2-тармағына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына, "Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативі осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы қаулының Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Қ. Тұяқбаевқа жүктелсін.
| Облыс әкімі | А.Мырзахметов |
| Б.Оспанов | |
| Б.Жылқышиев | |
| Е. Айтаханов | |
| С.Қаныбеков | |
| Е.Садыр | |
| С.Тұяқбаев | |
| А.Абдуллаев | |
| Р.Исаева |
| Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 шілдедегі № 217 қаулысына қосымша |
Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативі
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 15.06.2023 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Сатып алынатын шикі сүт үшін, теңге/килограмм | Сары май өндіру үшін | Қатты ірімшік өндіру үшін | Құрғақ сүт өндіру үшін (майы алынбаған /майы алынған) |
43 | 21 | 20 |