1. Мыналар:
1) Оңтүстік Қазақстан облысы басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тізбесі осы қаулының 1-қосымшасына;
2) Оңтүстік Қазақстан облысы басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға және (немесе) 1 тоннаға) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы қаулының Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Қ.Тұяқбаевқа жүктелсін.
| Облыс әкімі | А.Мырзахметов |
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
______________А.Мамытбеков
"12" маусым 2015 жыл
Б.Оспанов
Б.Жылқышиев
Е.Айтаханов
Е.Садыр
С.Тұяқбаев
С.Қаныбеков
А.Абдуллаев
Р.Исаева
| Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы "12" маусым № 167 қаулысына 1-қосымша |
Оңтүстік Қазақстан облысы басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тізбесі
Ескерту. 1 – қосымшаға өзгерістер енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 10.11.2016 № 290 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).р/с № | Басым дақылдардың атауы |
| 1 | Алынып тасталды – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 10.11.2016 № 290 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). |
| 2 | Дәндік жүгері |
| 3 | Күріш |
| 4 | Майлы дақылдар (мақсары, күнбағыс) |
| 5 | Мақта |
| 6 | Картоп |
| 7 | Көкөніс және бақша дақылдары |
| 8 | Жемшөптік дақылдар (өткен жылғы егілген көп жылдық шөптерді қоспағанда) |
| 9 | Алынып тасталды – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 10.11.2016 № 290 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). |
| 10 | Сүрлемдік жүгері |
| 11 | Қорғалған топырақта өсірілген көкөністер |
| Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы "12" маусым № 167 қаулысына 2-қосымша |
Оңтүстік Қазақстан облысы басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары
(1 гектарға және (немесе) 1 тоннаға)
Ескерту. 2 – қосымшаға өзгерістер енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 10.11.2016 № 290 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).р/с № | Басым дақылдардың атауы | 1 гектарға арналған субсидиялар нормалары, теңге | 1 тоннаға арналған субсидиялар нормалары, теңге |
| 1 | Алынып тасталды – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 10.11.2016 № 290 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). | ||
| 2 | Дәндік жүгері | 25 000 | |
| 2.1 | оның ішінде: өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін, өнеркәсіптік үлгідегі спринклерлік суару жүйелерін қолдана отырып өсірілген жүгері | 80 000 | |
| 3 | Күріш | 30 000 | |
| 4 | Майлы дақылдар (мақсары, күнбағыс) | 4 000 | |
| 4.1 | Майлы дақылдар (мақсары, күнбағыс) | | 4 000 |
| 5 | Мақта | 15 000 | |
| 5.1 | Мақта | | 6 000 |
| 5.2 | оның ішінде: өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін, өнеркәсіптік үлгідегі спринклерлік суару жүйелерін қолдана отырып өсірілген мақта | 60 000 | |
| 6 | Картоп | 18 000 | |
| 7 | Көкөніс және бақша дақылдары | 18 000 | |
| 7.1 | оның ішінде: өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін, өнеркәсіптік үлгідегі спринклерлік суару жүйелерін қолдана отырып өсірілген көкөніс және бақша дақылдары | 80 000 | |
| 8 | Жемшөптік дақылдар (өткен жылғы егілген көп жылдық шөптерді қоспағанда) | 15 000 | |
| 9 | Алынып тасталды – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 10.11.2016 № 290 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). | ||
| 10 | Сүрлемдік жүгері | 9 000 | |
| 11 | Жарықты өнеркәсіптік жылыжай кешенінде өсірілген қорғалған топырақтағы көкөністер (1 дақыл айналымына) | 5 000 000 | |
| 11-1 | Жарықсыз өнеркәсіптік жылыжай кешенінде өсірілген қорғалған топырақтағы көкөністер (1 дақыл айналымына) | 2 500 000 | |
| 12 | Фермерлік жылыжай кешенінде өсірілген қорғалған топырақтағы көкөністер (1 дақыл айналымына) | 1 500 000 | |