1. "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің 2014 жылғы 03 сәуірдегі № 07 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 30 сәуірде № 2695 тіркелген, 2014 жылғы 30 мамырдағы № 22 (5473) "Маяк" газетінде, 2014 жылғы 30 мамырдағы № 22 (569) "Қызылжар" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасындағы:
28) тармақша келесі редакцияда мазмұндалсын
"28) № 313 сайлау учаскесі
сайлау учаскесінің орналасқан жері:
Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Сумное ауылы, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің "Қызылжар аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Сумное бастауыш мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесінің ғимараты;
Учаскесінің шекарасы: Сумное ауылы, Исаковка ауылы;"
39) тармақша келесі редакцияда мазмұндалсын
"39) № 324 сайлау учаскесі
сайлау учаскесінің орналасқан жері:
Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Налобино ауылы, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің "Қызылжар аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Налобино орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесінің ғимараты;
Учаскесінің шекарасы: Налобино ауылы, Николаевка ауылы, Лебедки ауылы, Гайдуково ауылы;"
29), 41) тармақтар алынып тасталсын;
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің аппарат басшысы Ж.Х. Ақылбековаға жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қызылжар ауданының әкімі | Б. Жұмабеков |
|
"КЕЛІСІЛДІ": Қазақстан Республикасы Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық сайлау комиссиясының төрағасы 2015 жылғы 07 қазан |
Н.Қ. Сұлтанғазин |