Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы əкімдігінің 19.05.2020 № 120 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы Заңының 5-бабы 7) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі |
Е. Сұлтанов |
| Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 357 қаулысына қосымша |
Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы
№ | Атауы | Мекенжайы |
1. | Жеке кәсіпкер "Ахметова С.С." "Караван" дүкені | Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Мир көшесі, 246 |
2. | "Алтын Адал" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сауда базары | Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Астана көшесі, 30 А |
3. | Жеке кәсіпкер "Гладкий А.В." "Орталық Базар" жаппалы әмбебап сауда базары | Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл ауылы, Янко көшесі, 40 |
4. | Жеке кәсіпкер "Зайцева Г.А." "Буратино" дүкені | Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Интернационал көшесі, 22 |
5. | Жеке кәсіпкер "Белоножко В.А." "Страна товаров" дүкені | Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Астана көшесі, 22 |