Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабына сәйкес, Успен ауданының мемлекеттік ветеринариялық бас инспекторының ұсынысы негізінде Қоңырөзек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Жануарлардан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Қоңырөзек ауылдық округінің Қоңырөзек ауылындағы Амангелді көшесінде шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгіленсін.
Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.
| Ауылдық округінің әкімі | Р. Кумуков |
| КЕЛІСІЛДІ | |
| Қазақстан Республикасы | |
| Ауыл шаруашылығы министрлігі | |
| ветеринариялық бақылау және | |
| қадағалау Комитетінің Успен | |
| аудандық аумақтық | |
| инспекциясының басшысы | Б. Ағатанов |
| 2015 жылғы "23" қаңтар |