"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 19 наурыздағы
№ 101 "Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5567 болып тіркелген, 2015 жылғы 13 мамырда "Қостанай таңы" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
"Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесіндегі 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) Қостанай облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының "Қадырбек Оспанов атындағы № 1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі";
"Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдар тізбесі мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) Қостанай облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының "Мүгедектер спорт клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны".
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қостанай облысының әкімі |
А. Мұхамбетов |