Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 28.06.2018 № 351-қ қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі Заңының 48-бабына сәйкес, Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| АУДАН ӘКІМІ | А. МҰХИМОВ |
| Аудан әкімінің | |
| 2015 жылғы "04" қыркүйектегі | |
| № 231-қ қаулысына қосымша |
Мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшері
р/с | Азаматтар санаты | Жеңілдіктер мөлшері |
1 | 7 жасқа дейінгі балалар | Тегін |
2 | Көп балалы отбасыларынан оқушы-балалар | Тегін |
3 | Балалар үйлерінен оқушы-балалар | Тегін |
4 | Спорт ардагерлері | Тегін |
5 | Оқушылар | Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50 пайыз мөлшердегі жеңілдік |
6 | Студенттер | Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50 пайыз мөлшердегі жеңілдік |
7 | Зейнеткерлер | Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50 пайыз мөлшердегі жеңілдік |
* Ескертпе: Осы тізбе мемлекеттік дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарында қолданылады.