Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2012 жылдың 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қаулысына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Тіркелу жылы он жеті жасқа толатын ер азаматтарды Қарқаралы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеу 2016 жылдың қаңтар – наурыз айларында ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары С. Әлиұлына жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қарқаралы ауданының әкімі | К.М. Максутов |