Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Алға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қоса беріліп отырған Алға ауданы бойынша 2015 жылға мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мектепке дейінгі тәрбие және оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Джалгаспаевқа жүктелсін.
Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | А. Шериязданов |
| Алға ауданының әкімдігінің от 31 наурыз 2015 ж. № 129 қаулысымен бекітілді |
Алға ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері
| № | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы (аудан,город) | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны | ||||
| | | Балабақша | Мектеп жанындағы толық күндік шағын-орталықтар | Мектеп жанындағы жарты күндік шағын-орталықтар | Дербес толық күндік шағын-орталықтар | Дербес жарты күндік шағын-орталықтар |
| 1 | Алға ауданы | 1653 | 60 | 746 | | |
| Мектепке дейінгі ұйымдарда қаржыландырудың жан басына шаққанда бір айдағы мөлшері (теңге) | |||||||
| Балабақша | Мектеп жанындағы толық күндік шағын-орталықтар | Мектеп жанындағы жарты күндік шағын-орталықтар | Дербес толық күндік шағын-орталықтар | Дербес жарты күндік шағын-орталықтар | |||
| Қалалық жерде | Ауылдық жерде | Қалалық жерде | Ауылдық жерде | Қалалық жерде | Ауылдық жерде | | |
| 25909 | 25615 | 7970 | 12660 | 8413 | 10156 | | |
| Мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналарының бір айдағы төлемақы мөлшері (теңге) | ||||
| Балабақша | Мектеп жанындағы толық күндік шағын-орталықтар | Мектеп жанындағы жарты күндік шағын-орталықтар | Дербес толық күндік шағын-орталықтар | Дербес жарты күндік шағын-орталықтар |
| 8800 | 7700 | | | |