Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 15.12.2021 № 116 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212 Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 10030 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Ақтөбе қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" Ақтөбе қалалық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 284 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4182 болып тіркелген, 2015 жылғы 29 қантарда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
шешімінің кіріспесіндегі "және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 қарашадағы № 1370 "Коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгі қағидаларын" бекіту туралы Қаулысына" сөздері "Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 10030 болып тіркелген)" сөздеріне ауыстырылсын;
жоғарыда көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Ақтөбе қалалық мәслихатының сессия төрағасы |
Ақтөбе қалалықмәслихатының хатшысы |
| А. Болатов | С. Шынтасова |
№ | Нысан атауы | Есептеу бірлігі | Жүргізілген тексерулер бойынша коммуналдық жинақталу нормасы, м3 |
1 | Жабдықталған тұрғын үйлер | 1 тұрғын | 2,01 |
Жабдықталмаған тұрғын үйлер | 1 тұрғын | 2,3 | |
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері | 1 орын | 0,94 |
3 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | орын | 1,1 |
4 | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын | 0,5 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банкілері, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,76 |
6 | Емханалар | 1 адам | 0,17 |
7 | Ауруханалар, санаторийлер, өзге де емдеу - сауықтыру мекемелері | 1 төсек - орын | 1,35 |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,28 |
9 | Мейрамханалар, кафе, қоғамдық тамақтандыру мекемелері | 1 орын | 1,65 |
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы | 1 орын | 0,49 |
11 | Мұражайлар, көрмелер | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,09 |
12 | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 0,13 |
13 | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,11 |
14 | Азық - түлік дүкендері | Сауда алаңы 1 м2 | 0,75 |
15 | Машиналардан сату | Сауда орны 1 м2 | 0,75 |
16 | Өнеркәсіптік дүкендер, супермаркеттер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,75 |
17 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,75 |
18 | Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,37 |
19 | Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,37 |
20 | Тұрмыстық қызмет корсету үйі: халыққа қызмет көрсету | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,2074 |
21 | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,57 |
22 | Жағажайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | 7,55 |
23 | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,66 |
24 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар | 1 машина - орын | 7,12 |
25 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 2,12 |
26 | Гараж кооперативтері | 1 гаражға | 0,18 |
27 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 1,78 |
28 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау, тұрмыстық техниканы жөндеу, тігін ательесі | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,2074 |
29 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,86 |
30 | Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау) | 1 жұмыс орны | 0,86 |
31 | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,82 |
32 | Қаланың аумағында жаппай іс - шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар | 1000 қатысушы | 0,8 |
33 | Бау - бақша кооперативтері | 1 учаске | 3,96 |