Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 28.09.2018 № 5962 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19 бабына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе қаласында барлық маршруттар үшін жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бір рет жүруге 55 (елу бес) теңге мөлшерде бірыңғай тариф белгіленсін.
2. Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 21 сәуірдегі № 1320 "Ақтөбе қаласында жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифті белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 28 сәуірде № 3850 болып тіркелген, 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 52-53 "Ақтөбе", "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.Қалдығұловқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қала әкімі | Е.Омаров |
|
КЕЛІСІЛДІ: Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы |
С.Шынтасова |